Мемлекет: АҚШ
Сайтwww.trwaftermarket.com/ru

 

TRW өнімдерінің ассортименті түпнұсқалық құрауыш бөліктерден (original equipment - OE), тежеуіш жүйеден, меңгерікпен басқару бөлшектерінен және аспалардан, Еуропада көшбасшы болып отырған жүріс бөлігі бойынша бағдарламадан құралады.

TRW Automotive Aftermarket – екінші нарықтың тәуелсіз кәсіпорындары (Independent Aftermarket Manufacturers - IAM) үшін де, мамандандырылған автотехорталықтар (Vehicle Manufacturers Service - VMS) үшін де жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді, сервисті, диагностикалық және техникалық қолдауды алдыңғы қатарлы жеткізуші.

TRW Aftermarket бөлімшесі жылдық сату айналымы 12 млн. долл. (2004 ж.) құрайтын TRW Automotive концернінің бір бөлігі болып табылады. Бұл компанияны автомобиль компоненттерін жеткізуде әлемдік көшбасшылармен бір қатарға қойып отыр. Компанияның штаб-пәтері Ливонияда, Мичиган штатында (АҚШ) орналасқан, ал оның ұйымдық құрылымы әлемнің 24 мемлекетінде 60 000 астам адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. TRW активті және пассивті қауіпсіздік үшін саладағы ең толық технологиялар ассортиментін шығара отырып, автомобиль қауіпсіздігі өнімдерінің саласында жетекші өндіруші болып табылады. Біздің активті қауіпсіздік жүйелеріміз (тежеуіш жүйелер, электрондық тұрақтандыру жүйелері, меңгерікпен басқару компоненттері) автомобильді бақылауды жақсартады және соқтығысуларды болдырмауға көмектеседі, ал біздің пассивті қауіпсіздік жүйелеріміз апат болған жағдайда жарақаттарды барынша азайтуға бағытталған (белдіктер, қауіпсіздік жастықшалары эәне электрондық қауіпсіздік жүйелері).