Тіліңізді таңдаңыз

  • Kazakh (Kazakhstan)
  • Русский (Россия)
  • English (United Kingdom)
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • АССОРТИМЕНТІ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АКЦИЯЛАР
  • БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
  • ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН

ZIMMERMANN

Мемлекет: Германия
Сайт: www.otto-zimmermann.de

 

Otto Zimmermann GmbH – тежеуіш жүйенің жоғары сапалы компоненттерін шығаруға маманданған, 65-жылдан астам тарихы бар неміс компаниясы. Компания негізгі назарды: өз жеткізушілерін таңдаудан және автоөндірушілердің спецификацияларына сәйкес материалдың құрамын дәлме-дәл іріктеуден бастап көпсатылы тексерулермен және сынақтармен аяқтай отырып,  өнімнің сапасына бөледі (соның ішінде компания қомақты мөлшерде қаражатты инвестициялайтын TÜV NORD Mobilität GmbH & Ко KG-пен бірлесе отырып). Сұр шойынның құрамы түпнұсқалық (ОЕ) тежеуіш дискілер үшін автомобиль өндірушілерінің спецификацияларына негізделген. Шойынның өміршеңдік және механикалық өңдеу тұрғысынан қасиеттеріне оң әсер тигізу үшін негізгі материалға әртүрлі ингредиенттер: мыс, молибден, титан, көміртек (10 әртүрлі компонентке дейін) қосылады. Zimmermann дискілеріндегі осы қоспалардың құрамы ОЕ дискілерге қосылатын құрамға сай келеді. Сондықтан Zimmermann-ң әрбір тежегіш дискісінің материалы түпнұсқалық (ОЕ) дискінің материалымен дәлме-дәл келеді. Сол себептен Zimmermann бренді aftermarket нарығына түпнұсқалық сапамен бірдей және одан жоғары сападағы қосалқы бөлшектерді ұсынады. Бұл өнімнің Block exemption regulation KFZ-GVO (EU) 330/2010 еуропалық ережелеріне сәйкестігімен расталады. Жоғары сапаны қамтамасыз ету оңай емес. Негізінен, осы себептен қазіргі кезде компания иеленушілерінің түбегейлі ұстанымы өнімді Германияда, Зинсхайм қ. зауытта шығару болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың барлығы компанияның ұранына дәлме-дәл сыйып тұр: «100% түпнұсқалық сапа. Германияда жасалған».

VICTOR REINZ

Мемлекет: Германия
Сайт: www.reinz.de/root/eng/index.php
Сайт: www.victorreinz.ru

 

VICTOR REINZ неміс компаниясы 1920 жылы құрылған. Осымен 80 жылдан астам уақыт бойы Dana халықаралық корпорациясының мүшесі - VICTOR REINZ фирмасы жүйелер мен трансмиссияларға арналған әртүрлі төсемдер, нығыздағыштар және тығыздамалар жиынтықтарын ең танымал өндірушілерінің бірі болып табылады. Компанияның өндірісі 23 кәсіпорында шоғырланған, ал клиенттерге сервистік қызмет көрсету Еуропада да, Америкада да орналасқан 10 сервистік орталыққа жүктелген.

VICTOR REINZ 40 жылдан астам уақыттан бері МСҚ (май сылғыш қақпақшалар) шығарудан көшбасшы болып келе жатыр. Оларды VICTOR REINZ ойлап тапқан десе де болады. 1958 жылы VICTOR REINZ инженерлері өнеркәсіптегі алғашқы МСҚ әзірледі және ойлап шығарды. Ал 1988 жылы  VICTOR REINZ күрделі жағдайларда пайдалануға арналған алғашқы құрамдас МСҚ автомобиль нарығында ұсынды. Сол кезден бері VICTOR REINZ өз өндірісін үздіксіз әзірлеп, жақсартуда.  

VICTOR REINZ өз клиенттері үшін қызмет көрсетуде де, өнімдерді ұсынуда да ең үздік сапа деңгейін қамтамасыз етіп келеді. Керемет қасиеттері (майға, салқындатқыш сұйықтыққа және газдарға қарсыласу) бар төсемдерді шығару және ең үздік нәтижелерге жету үшін VICTOR REINZ 14 әртүрлі шикізат жеткізушілерді пайдаланады.

VICTOR REINZ мақсаты өтінімді жіберген сәттен бастап оны толық қанағаттандыруға дейін VICTOR REINZ-тен алынатын сапаға клиенттер үнемі сүйсінетіндей ету.

Шығын аз бола тұра, VICTOR REINZ өндіріс сапасы мен икемділігіне мыналар жатады:

  • өндірістік әрбір кезеңінде басынан соңына дейін сапаны ішкі бақылау;
    • өндіріс көлемдерін арттыру. Онымен қатар сапа арттырылады және өндіріс шығындары тиімді азайтылады. VICTOR REINZ әдеттегі норма 10 бола тұра, бір өндірістік циклдың ішінде 100 бөлшекті шығара алады;
    • сапа кепілдігі. Сіз өзіңіздің МСҚ алғанға дейін олар көптеген сынақтардан өтеді: визуалды, компьютерлік, фото бақылау. Нәтижесі – Сіздің тапсырысыңызға сай ретімен шығарылған бөлшектер.

VICTOR REINZ 1997 жылы жеткізген 3,5 млн. тығыздама үшін Форд зауытынан «Ноль дефектов» наградасын алды. Сондай-ақ VICTOR REINZ 1998 жылы Индиана үкіметінің сапа сыйлығымен, сондай-ақ Форд наградасымен марапатталды. VICTOR REINZ-ң басты айырмашылығы кез-келген бұйымның негізінде жатқан заманауи әзірлемелер болып табылады. VICTOR REINZ төсемдердің негізін құрайтын үш қабатты әзірлеп шығарды. Бұл шуылдан, дірілден, жоғары температурадан оңтайлы қорғауды қамтамасыз етеді. Одан басқа, бұл үш қабатты жүйенің әдетте қолданылатын екі қабатты жүйелерге қарағанда салмағы әлдеқайда аз болады.

10 жылға жуық жылдан бері VICTOR REINZ: Audi, BMW, FORD, MERSEDES, GM, OPEL, PEUGEOT, RENAULT, SAAB, WOLKSVAGEN, және VOLVO сияқты дүниежүзілік автомобиль жасау көшбасшыларына төсемдердің басты жеткізушісі болып табылады. Бұл қызықты дизайнның, жаңа әзірлемелердің, инженерлік қолдаудың, автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдаланудың арқасында VICTOR REINZ-ң барлық артықшылықтарын толық мөлшерде сезінуге мүмкіндік береді.

VARTA

Мемлекет: Германия
Сайт: varta-automotive.ru/ru-ru

 

"Varta Automotive" фирмасы автомобильдерге арналған ішкі жабдықтарды шығару бойынша жетекші кәсіпорын, сондай-ақ әлемдегі автомобиль аккумуляторларының ең ірі өндірушісі болып табылатын Johnson Controls Inc. (АҚШ) корпорациясының құрамына кіреді.

"Varta Automotive" фирмасының бас компаниясы VB Autobatterie GmbH фирмасы болып табылады; оған Johnson Controls фирмасының қатысу үлесі 80%, ал Robert Bosch GmbH фирмасының қатысу үлесі - 20% құрайды. "Varta Automotive" фирмасының дерлік барлық еуропалық мемлекеттерде еншілес компаниялары бар. Фирманың бас кеңсесі Ганноверде (Германия) орналасқан.

«Varta Automotive» автомобиль аккумуляторларын бес еуропалық мемлекетте: Германияда, Францияда, Испанияда, Австрияда және Чехияда орналасқан жеті зауытта шығарады. Фирма шығаратын әрбір үшінші батарея құрастырмалы конвейерлерді жиынтықтауға келіп түседі.

Varta аккумуляторларды Еуропа автомобильдерінің барлық ірі өндірушілеріне жеткізеді және бәсекелестерінен әлдеқайда озып, осы саладағы даусыз көшбасшы болып табылады. Varta Еуропада сондай-ақ екінші нарыққа жеткізу бойынша жетекші орында тұр. Varta аккумуляторларды Азияның, Африканың және Латын Американың нарықтарына экспорттайды.

TRW

Мемлекет: АҚШ
Сайт: www.trwaftermarket.com/ru

 

TRW өнімдерінің ассортименті түпнұсқалық құрауыш бөліктерден (original equipment - OE), тежеуіш жүйеден, меңгерікпен басқару бөлшектерінен және аспалардан, Еуропада көшбасшы болып отырған жүріс бөлігі бойынша бағдарламадан құралады.

TRW Automotive Aftermarket – екінші нарықтың тәуелсіз кәсіпорындары (Independent Aftermarket Manufacturers - IAM) үшін де, мамандандырылған автотехорталықтар (Vehicle Manufacturers Service - VMS) үшін де жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді, сервисті, диагностикалық және техникалық қолдауды алдыңғы қатарлы жеткізуші.

TRW Aftermarket бөлімшесі жылдық сату айналымы 12 млн. долл. (2004 ж.) құрайтын TRW Automotive концернінің бір бөлігі болып табылады. Бұл компанияны автомобиль компоненттерін жеткізуде әлемдік көшбасшылармен бір қатарға қойып отыр. Компанияның штаб-пәтері Ливонияда, Мичиган штатында (АҚШ) орналасқан, ал оның ұйымдық құрылымы әлемнің 24 мемлекетінде 60 000 астам адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. TRW активті және пассивті қауіпсіздік үшін саладағы ең толық технологиялар ассортиментін шығара отырып, автомобиль қауіпсіздігі өнімдерінің саласында жетекші өндіруші болып табылады. Біздің активті қауіпсіздік жүйелеріміз (тежеуіш жүйелер, электрондық тұрақтандыру жүйелері, меңгерікпен басқару компоненттері) автомобильді бақылауды жақсартады және соқтығысуларды болдырмауға көмектеседі, ал біздің пассивті қауіпсіздік жүйелеріміз апат болған жағдайда жарақаттарды барынша азайтуға бағытталған (белдіктер, қауіпсіздік жастықшалары эәне электрондық қауіпсіздік жүйелері).

TRIALLI

Мемлекет: Италия
Сайт: www.trialli.ru

 

Liberta Di Moto
1995 жылы FIAT Group конвейерлеріне автобөлшектерді жеткізіп тұрған алты итальяндық OEM (Original Equipment Manufacturer) кәсіпорын өз сауда маркасын іске қосу және бірыңғай өткізу желісін құру туралы келісімге қол қояды. Бұл өз тәуелсіздігін сақтап қалу және өзін қаржы-өнеркәсіптік корпорациялардың жұтуынан қауіпсіздендіру үшін жасалды. Тағы бір маңызды себебі автоөндірушілерден жаппай тәуелділікті болдырмау еді. Нақ осы сәтте ортақ брендпен өнім шығаратын және бірыңғай дистрибуция желісі бар тәуелсіз кәсіпорындар одағы - «Trìplice Alleanza» (итальян тілінен аударғанда - «Үш мемлекет Одағы») атауынан пайда болған «TRIALLI» сауда маркасы дүниеге келді. Бірінші кезеңде тек қана итальяндық компаниялардан құралған Triplice Alleanza қазіргі сәтте Италияның, Испанияның, Германияның, Францияның, Нидерландының, Бельгияның, Чехияның, Ресейдің және ҚХР кәсіпорындарын біріктіріп отыр. 2005 жылы Trialli брендін ілгері шығарумен айналысқан, нарықты зерттеген және дилерлік желі құрған Ресей өкілдігі ашылды.

2009 жылдан бастап «Карвиль» басқарушы компаниясы Trialli брендінің Ресей Федерациясының аумағындағы Бас Дистрибьюторы болады, эксклюзивті түрде оның мүдделерін білдіреді, өнімді өткізуді және бөлуді қамтамасыз етеді, Trialli брендін маркетингтік және жарнамалық-ақпараттық жылжытумен айналысады.

2011 жылы өршіген еуропалық экономикалық дағдарыс, сондай-ақ өткізу көлемдерінің айтарлықтай өсуі және Trialli брендінің ресей нарығында сәтті ілгері жылжытылуы Trialli s.r.l. компаниясын Ресей өкілдігіне тапсырыстарды Triplice Allienza кәсіпорындары бойынша өз бетінше үлестіру мүмкіндігімен үйлестіру функцияларының бір бөлігін беру үшін жүгінуге итермеледі.

2012 жылы «Карвиль» компаниясы Ресейдегі және ТМД мемлекеттеріндегі автокомпоненттер нарығында Trialli брендінің эксклюзивті құқық иеленушісіне айналды.

Trialli өнімдері

Triplice Alleanza кәсіпорындары жеңіл және жүк таситын автомобильдер үшін aftermarket қосалқы бөлшектерін шығаруға маманданған. Өнімдер екі түрлі жасалу тәсілімен шығарылады:

Linea Qualita (орташа дәреже) және Linea Superiore (премиум дәреже).

Trialli брендімен автомобильдің келесі жүйелеріне арналған бөлшектері шығарылады:

  • Тежеуіш жүйе
    • Трансмиссия
    • Меңгерікпен басқару 

Дербес бөлімдерге мыналар кіргізілген:
• Мойынтіректер
• Төсемдер
• Резеңке-техникалық бұйымдар

Trialli барлық өнімдерінің олардың тасымалдау және сақтау кезінде зақымданудан қорғайтын ыңғайлы және сапалы қаптамасы бар.

  1. TORR
  2. TIXONA
  3. TATSUMI
  4. STARTVOLT

1 ішінен 9 беті

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • АССОРТИМЕНТІ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АКЦИЯЛАР
  • БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
  • ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН