Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: Германия
Сайтwww.reinz.de/root/eng/index.php
Сайтwww.victorreinz.ru

 

VICTOR REINZ неміс компаниясы 1920 жылы құрылған. Осымен 80 жылдан астам уақыт бойы Dana халықаралық корпорациясының мүшесі - VICTOR REINZ фирмасы жүйелер мен трансмиссияларға арналған әртүрлі төсемдер, нығыздағыштар және тығыздамалар жиынтықтарын ең танымал өндірушілерінің бірі болып табылады. Компанияның өндірісі 23 кәсіпорында шоғырланған, ал клиенттерге сервистік қызмет көрсету Еуропада да, Америкада да орналасқан 10 сервистік орталыққа жүктелген.

VICTOR REINZ 40 жылдан астам уақыттан бері МСҚ (май сылғыш қақпақшалар) шығарудан көшбасшы болып келе жатыр. Оларды VICTOR REINZ ойлап тапқан десе де болады. 1958 жылы VICTOR REINZ инженерлері өнеркәсіптегі алғашқы МСҚ әзірледі және ойлап шығарды. Ал 1988 жылы  VICTOR REINZ күрделі жағдайларда пайдалануға арналған алғашқы құрамдас МСҚ автомобиль нарығында ұсынды. Сол кезден бері VICTOR REINZ өз өндірісін үздіксіз әзірлеп, жақсартуда.  

VICTOR REINZ өз клиенттері үшін қызмет көрсетуде де, өнімдерді ұсынуда да ең үздік сапа деңгейін қамтамасыз етіп келеді. Керемет қасиеттері (майға, салқындатқыш сұйықтыққа және газдарға қарсыласу) бар төсемдерді шығару және ең үздік нәтижелерге жету үшін VICTOR REINZ 14 әртүрлі шикізат жеткізушілерді пайдаланады.

VICTOR REINZ мақсаты өтінімді жіберген сәттен бастап оны толық қанағаттандыруға дейін VICTOR REINZ-тен алынатын сапаға клиенттер үнемі сүйсінетіндей ету.

Шығын аз бола тұра, VICTOR REINZ өндіріс сапасы мен икемділігіне мыналар жатады:

  • өндірістік әрбір кезеңінде басынан соңына дейін сапаны ішкі бақылау;
    • өндіріс көлемдерін арттыру. Онымен қатар сапа арттырылады және өндіріс шығындары тиімді азайтылады. VICTOR REINZ әдеттегі норма 10 бола тұра, бір өндірістік циклдың ішінде 100 бөлшекті шығара алады;
    • сапа кепілдігі. Сіз өзіңіздің МСҚ алғанға дейін олар көптеген сынақтардан өтеді: визуалды, компьютерлік, фото бақылау. Нәтижесі – Сіздің тапсырысыңызға сай ретімен шығарылған бөлшектер.

VICTOR REINZ 1997 жылы жеткізген 3,5 млн. тығыздама үшін Форд зауытынан «Ноль дефектов» наградасын алды. Сондай-ақ VICTOR REINZ 1998 жылы Индиана үкіметінің сапа сыйлығымен, сондай-ақ Форд наградасымен марапатталды. VICTOR REINZ-ң басты айырмашылығы кез-келген бұйымның негізінде жатқан заманауи әзірлемелер болып табылады. VICTOR REINZ төсемдердің негізін құрайтын үш қабатты әзірлеп шығарды. Бұл шуылдан, дірілден, жоғары температурадан оңтайлы қорғауды қамтамасыз етеді. Одан басқа, бұл үш қабатты жүйенің әдетте қолданылатын екі қабатты жүйелерге қарағанда салмағы әлдеқайда аз болады.

10 жылға жуық жылдан бері VICTOR REINZ: Audi, BMW, FORD, MERSEDES, GM, OPEL, PEUGEOT, RENAULT, SAAB, WOLKSVAGEN, және VOLVO сияқты дүниежүзілік автомобиль жасау көшбасшыларына төсемдердің басты жеткізушісі болып табылады. Бұл қызықты дизайнның, жаңа әзірлемелердің, инженерлік қолдаудың, автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдаланудың арқасында VICTOR REINZ-ң барлық артықшылықтарын толық мөлшерде сезінуге мүмкіндік береді.