Мемлекет: Ресей
Сайтwww.airline.su

 

AIRLINE – қызметінің негізгі бағыты жеңіл және жүк автомобильдері үшін жоғары сапалы автомобиль аксессуарларын әзірлеу және өндіру болып табылатын қарқынды өсіп келе жатқан ресейлік компания. Өз қызметін 2004 ж. бастаған және нарыққа автомобильдік бутил камерасымен шыққан соң 2006ж. бастап акссуарлық тақырыпты белсенді дамуды бастады. Бүгінгі таңда біз ағымдағы дистрибьюторларды дамыту және әр клиентке жақынырақ болу үшін жаңа аумақтарды қамту үшін бар күшімізді салудамыз. Бұл ретте біз еңбектерімізді бір мезетте өтеп алуға ұмтылмаймыз, біз нарықта тұрақты болуға және барлық жеткізушілерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен ұзақ мерзімді қатынастарды орнатуға бағыт алғанбыз. Компанияны серпінді және заманауи дамыту стратегиясын ұстана отырып, біз барлық жаңа дүниелерге барынша ашық, сезімтал болуға және клиенттеріміз бен серіктестеріміздің тілектеріне орай жылдам әрекет етуге  тырысамыз.

Автоаксессуарлар нарығының өнімдер ассортиментіне қызыға қарауға болады. Шынында да, әуесқой автомобильшілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орасан көп өнімдер жасап шығарылған. Таңдауға таңғалуға болады.

AIRLINE стратегиясы – техникалық және пайдалану сипаттамалары мінсіз сапалы өнім жасап шығару. Біздің өнімдеріміздің барлығы ресейлік пайдалану 

жағдайларында қажетті бейімделуден өтеді және міндетті түрде орыс тіліндегі толық сүйемелдеу құжаттарымен қамтамасыз етілген. Өнімдер желісін нарыққа шығарған соң оны жетілдіру бойынша жұмыс тоқтап қалмайды. Керісінше, тұтынушылардың барынша қанағаттандыру үшін өнімнің пайдалану сипаттамаларын арттыру, ассортиментті кеңейту және сапасын арттыру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіледі. Компанияда құрылған Техникалық бақылау бөлімі үнемі сынақтар мен тестілерді өткізеді де, солардың нәтижелері бойынша өнімге конструктивті өзгерістерді енгізеді. Біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміздің барлық тілектері ескеріледі, өнімнің ең үздік үлгілерін іздестіру және бағалау жүргізіледі, маркетингтік ізденістер жасалады. Брендті дамытудың перспективалы бағыттарының бірі – өз бірегей техникалық және дизайнерлік әзірлемелеріміз. Осы бағытты меңгеруде, техникалық мамандар мен маркетологтардан басқа, бізге дизайнерлер командасы көмектеседі. Алдымызға - AIRLINE өнімдерін Ресейде де, бүкіл әлем бойынша да жоғары сұранысқа ие ету деген өршіл мақсат қойылды!