Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: АҚШ
Сайтwww.exidetechnologies.ru

 

EXIDE TECHNOLOGIES әлемдегі қышқыл аккумуляторларының ең ірі өндірушілерінің бірі болып табылады. Ол 1888 жылдан бері қызметін жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі таңда EXIDE:
• әлемдік нарықта 22% (еуропалық нарықта 31%) үлеске ие;
• өнімдерін әлемнің 90 мемлекетінде ұсынады;
• жылына шамамен 2,5 млрд. USD айналымын генерациялайды;

  • АҚШ-ң өзінде ғана 15 300 астам қызметкері бар. Transportation және Industrial нарықтарында пайдалануға арналған өнімдер мен қызметтердің толық гаммасы төрт аймақтық бөлімшелердің (Transportation America, Transportation Europe and Rest of World, Industrial Energy America, Industrial Energy Europe and Rest of Word) 89 өндірістік кәсіпорнында шығарылады. Transportation нарықтарына мыналар жатады: бірінші және екінші нарықтарға арналған автомобиль жабдықтары, жүк автомобильдерінің, ауылшаруашылық техниканың және мотор қайықтарының жабдықтары, сондай-ақ гибридті атомобильдерге және 42-вольттық қуат беру жүйелеріне арналған жаңа технологиялар.

Industrial нарықтарына телекоммуникация жүйелері, теміржол жүйелері, электржабдықтар, күн энергиясын пайдаланатын жүйелер, сондай-ақ UPS жүйелері, тау-кен ісінде, ашалы тиегіштерде және арнайы мақсаттағы басқа көлік құралдарында қолданылатын қуат беру көздері жатады. EXIDE TECHNOLOGIES аясында жұмыс істейтін еуропалық фирмалардың арасында концерннің меншігіне 1995 жылы өткен польшалық CENTRA S.A. компаниясы ең серпінді дамып келе жатқан компания болып табылады. Бүгінгі таңда EXIDE-ң Еуропада бес негізгі маркалары бар: Exide, Tudor, Deta, Centra және Fulmen.