Мемлекет: Ресей
Сайтrostar.com

 

«Ростар» -компаниялар тобы озық әлемдік брендтердің жүк автомобильдеріне, автобустарға және тіркеме техникаға арналған автокомпоненттерді әзірлеуге, жобалауға және өндіруге маманданған кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бірлестігі.

2000 жылдан бері ROSTAR Scania, MAN, IVECO, VOLVO, DAF, RENAULT, Mercedes-Benz, FREIGHTLINER, SAF, SHAANXI, FAW, EVOBUS, BREDAMENARINIBUS, IRISBUS, THOMAS SCHOOL BUS, STERLING TRUCK, KOEGEL, NEOPLAN, DONG FENG, HOWO, SCHMITZ, VAN HOOL, ROR, TRAILOR, ACERBI, MERITOR, FRUEHAUF, INTERNATIONAL, SCOMA TATA, BMC, FAUN, FORD, EDSCHA, KRONE және т.б. жүк автомобильдеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығарады.

Қызметінің басты бағыттары – аспа, меңгерікпен басқару бөлшектерін, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірістің ауыр жүк тасығыш автомобильдеріне арналған полимер материалдарынан жасалған бұйымдарды әзірлеу және шығару.

2000 жыл – «КАМАЗ» ААҚ конвейеріне алғашқы жеткізілімдер

2001 жыл – резеңке-металл топасын сериялық өндіріске жіберу
2002 жыл – екінші нарыққа шығу
2003 жыл – өндірістік алаңдарды кеңейту, өндірілетін өнімдер ассортиментің 3 есе арттыру

2004 жыл – толық соғылған қарнақты әзірлеу және сериялық өндіріске жіберу, бір миллиондық резеіке-металл топсасын шығару

2005 жыл – алысқа қатынайтын жүргізушілер үшін «Грузовоз» газетінің бірінші нөмірін шығару

2005 жыл – «КАМАЗ-Мастер» командасымен техникалық ынтымақтастықтың басталуы

2006 жыл – автоқұрастыру кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту

2007 жыл – өндірістік алаңдарды кеңейту, бірегей заманауи жабдықтарды сатып алу, полимерлік бұйымдар өндірісін іске қосу

2007 жыл - ГОСТ Р ИСО 9001 сертификатын алу
2008 жыл – өнімділігі жоғары жабдықтарда өз соғылмасын және РТБ шығару, еуропалық жүк көліктеріне арналған аспалар бөлшектерін игеру және сериялық өндіріске жіберу.
2008 жыл – металлографиялық және спектрлық талдау бойынша зертхананың мемлекеттік аттестаттауы
2009 жыл – металлографиялық және спектрлық талдау бойынша зертхананың мемлекеттік аккредитациялауы
2010 жыл – Германияда өкілдігінің ашылуы. Еуропаға жеткізуді бастау

2011 жыл – Ростардың шетелдік бағыттағы бөлшектері туралы ақпарат TecDoc каталогында орналастырылды
2011 жыл – Сынақ зертханасы ұйымдастырылды, MTS компаниясының бірінші сынақ стенді іске қосылды
2011 жыл – ROSTAR компаниясы IVECO-AMT конвейеріне қосалқы бөлшектердің ресми жеткізушісіне айналды
2012 жыл – Өндірісте бүкіл өнімдер қатарына лазерлік таңбалау енгізілді
2012 жыл – Жаңа кепілдік саясат қабылданды: жүру жолын шектеусіз 1 жыл
2012 жыл – Пневмоаспада IVECO бірінші автомобилі құрастырылды
2013 жыл – шетелде шығарылған жүк көліктеріне қосалқы бөлшектерді сату бойынша дилерлердің бірінші съезі өткізілді

2014 жыл – Меңгерік тартқыштары мен амортизаторлар өндірісі басталды
2015 жыл – Компанияның анық жоғары сапасы да, тиімділігі де құжатпен расталды – автомобиль өнеркәсібінде жетекші әлемдік стандарт болып табылатын ISO TS 16949 әлемдік стандартының сертификаты алынды
2015 жыл – Компанияның АҚШ-та Өкілдігі ашылды
2015 жыл – Компанияның мерейтойлық жылы. ROSTAR - 15 жыл СІЗБЕН бірге!
2016 жыл – Дискілі Тежеуіш Қалыптарының өндірісі басталды
2016 жыл – Асылмалы Басқыш Рессорлар сериялық өндірісі басталды
2016 жыл - ОЕМ-ге: BPW, VW Group (MAN, SCANIA) жеткізушінің номинациялауға аудит жүргізілді
2017 жыл - ROSTAR аспа бөлшектерін VOLVO конвейеріне жеткізуге номинацияланды.
2017 жыл – Коммерциялық көліктерге арналған Пневматикалық Рессорарды шығаратын бірінші зауыттың ашылуы
2018 жыл – Англия, Польша, АҚШ экспорттық нарықтарына шығу
2018 жыл – Кәсіпорын IATF 16949 стандарты бойынша сертификаттаудан өткізілді.
2019 жыл – Коммерциялық көліктерге арналған кешенді шешімдерді іске асыру – гидроаспалар, пневматикалық аспалар, теңгергіш аспалар.
2019 жыл – реттегіш иінтіректерді (зырылдақтарды) өндіруді бастау
2020 жыл – КАМАЗ а/м жаңа модельдік қатарына арналған жобаларды игеру
2020 жыл - ОЕМ VOLVO-мен (Еуропа) ынтымақтастықты бастау

Қазіргі уақытта «Ростар» КТ кәсіпорындарында 2500 астам өнімдер түрлері шығарылады. Өнімнің сапасы өз сынақ орталығында және «КАМАЗ» ғылыми-техникалық орталығында, сондай-ақ ірі АКК-мен бірлесе отырып жүргізілген жүйелі жол сынақтарымен және тесттік нұсқаулармен бірнеше рет расталған.

«Ростар» КТ – Ресейдің озық автоқұрастыру және автобустық кәсіпорындарына арналған құрамдас бөлшектердің ресми жеткізушісі. РФ-ғы, ТМД-ғы, Еуропадағы, БАӘ-гі, Латын Америкадағы дамыған дилерлік желі компанияға өзін ойдағыдай танытуға, ассортиментті желі бойынша кеңейтуге және тауарлардың жаңа топтарын игеруге мүмкіндік береді.  

ROSTAR – егжей-тегжейлі сапа!