Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: Ресей
Сайтwww.paaz.ru

 

«Первоуральский Автоагрегатный завод» ЖШҚ

Коммерциялық көліктер – бұл үздіксіз жүктемелер және қауіпсіздікке қойылатын жоғары талаптар, және мұндай машиналарға сенімді амортизаторлар қажет. «Первоуральский автоагрегатный завод» жүк автомобильдері, автобустар, троллейбустар, тіркемелер және жартылай тіркемелер үшін ресейлік жолдардың шын ахуалы мен ауа-райы жағдайларын ескере отырып, сапалы амортизаторларды әзірлеуге және жасауға маманданады. Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін Ресей мұндай бейіндегі кәсіпорындарсыз қалып, мемлекеттің жетекші автоөндірушілері – КАМАЗ және «Урал» автозауыты өнімдерді бұрынғы одақтас республикалардан сатып алуға мәжбүр болды. 2006 жылы бүгінгі таңда коммерциялық көліктерге арналған амортизаторларды шығаратын жалғыз ресейлік зауыт - ПААЗ өз жұмысын бастады. Кәсіпорынның өнімдері бастапқыда сапаға жоғары талап қоятын автоөндірушілерге және қорғаныс өнеркәсібіне арналған болатын. Первоуральск арқылы Еуропа мен Азияның шекарасы өтеді, және зауыт шартты түрде өз өнімдерін жеткізумен екі құрлықтың тұтынушыларын біріктіреді. ПААЗ амортизаторларымен бұрынғы КСРО аумағында шығарылатын коммерциялық техниканың басым бөлігі жабдықталады:

- КАМАЗ, МАЗ, КРАЗ, Урал, ЗИЛ, ГАЗ жүк автомобильдері
- Икарус, ЛИАЗ, ПАЗ, ЛАЗ, Волжанин, Богдан, НЕФАЗ, КАВЗ автобустары
- ТРОЛЗА, БЕЛКОММУНМАШ, СВАРЗ троллейбустары
- ТОНАР тіркемелері

Кама автозауытының соңғы әзірлемелерінің бірі – КАМАЗ-65206 үш қабатты ершікті тартпағы да құрастырмалы конвейерде ПААЗ амортизаторларымен жабдықталады. Өнімдерінің кең желісі шетелдік автокөліктер үшін екінші нарыққа шығарылады. Первоуральск амортизаторлары ресейлік жол жағдайларын ескеріп жасалатындықтан, еуропалық және азиялық баламаларынан ерекшеленеді. ПААЗ өнімдерімен жабдықталатын модельдердің тізбесі үнемі кеңейтіліп тұрады. Бүгінгі таңда олардың арасында мыналар бар:

- VOLVO, MAN, SCANIA, DAF, MERCEDES-BENZ, IVECO, FREIGHTLINER, HINO, ISUZU жүк автомобильдері
- EVOBUS (SETRA), HYUNDAI, NEOPLAN, VOLVO, GOLDEN DRAGON, HIGER автобустары
- SCHMITZ, BPW, SAF, ROR, FRUEHAUF, WEWELER тіркемелері және жартылай тіркемелері

Импорттық жабдықтар ақау мүмкіндігін болдырмай, шыеарылатын бұйымдарды жүз пайыз тексеруге мүмкіндік береді. ПААЗ өнімдері тиісті ресейлік автоөндірушілердің сынақтарынан және сертификаттауынан өтті және құрастырмалы конвейерлерге жеткізуге ұсынылған. Кәсіпорын  сапа менеджменті жүйесінің ISO/TS 16949 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін TUV компаниясының жоспарлы аудиттерінен өтеді. ПААЗ өнімдерінің «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін сертификаттау аяқталды. Кәсіпорынның жоғары дәрежелі конструкторлары тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша кез келген амортизаторды, пайдалану жағдайларына қарай оңтайлы сипаттамаларын таңдап ала отырып, минималды партия көлеміне шектеу қоймай жасап шығара алады. Сапа мен бағаларды бәсекелі деңгейде өндірісті үнемі жаңартусыз ұстап тұру мүмкін емес. ПААЗ-да жаңа цехтың құрылысы аяқталады, заманауи жону білдектері, әмбебап пісіру аппараттары, көлбеу қайшылар және қалыптау баспақтары сатып алынды. Первоуральск агрегат зауытының алдағы уақыттағы жоспарында – номенклатураны кеңейту ғана емес, сонымен бірге өндіріс көлемдерін арттыру көзделген. Кәсіпорын жаңа инвестициялық жобаларды игеруде: жеңіл коммерциялық көліктерге, теміржол техникасына арналған амортизаторларды шығару, капот және кабина амортизаторларын шығару. Первоуральск агрегат зауыты тұтынушымен жұмысты үздіксіз жетілдіріп тұрады. Кәсіпорында ребрендинг жүреді – зауыт бұрынғыдан ашықтау және есте қалатындай жаңа логотипке ие болды. Саудаға ПААХ өнімдері жаңа эстетикалық қаптамаға салынып жеткізіледі, сәйкестендіру үшін енді штрихкодтар қолданылады және олар есеп жүргізу және сақтау үдерістерін айтарлықтай жеңілдетеді. Штрихкодтан басқа, кез келген бұйымдағы заттаңбада дайындалған күні, партия нөмірі және басқа да пайдалы ақпарат көрсетіледі. 10 жылдан астам жылдан бері кәсіпорын бүкіл Ресей бойынша және шетелде коммерциялық техниканы сапалы аморизаторлармен қамтамасыз ете отырып, сәтті жұмыс істеп келе жатыр. Заманауи логистика және өз көліктері өнімдерді ТМД кез келген жеріне тез жеткізуге мүмкіндік береді. Сенімділік, жайлылық, қауіпсіздік, тұрақты сапа – Первоуральск агрегат зауытының басты артықшылықтары осы. ПААЗ маркасы – бұл бәсекелі баға бола тұра әлемдік сапа стандарттары!