Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: АҚШ
Сайт: www.exidetechnologies.ru

 

Exide Technologies компаниясының жұмысында бірінші қадам В.Гиббс Филадельфияда Electric Storage Battery Company компаниясын құрған 1888 жылы жасалды. Бір жылдан кейін жаңадан құрылған компанияның өнімі – аккумуляторлармен Құрама Штаттардағы алғашқы сүңгуір қайығын жарақтандырды.

20 ғасырдың басында электрлік таксилердің танымалдылығы артты. ESB Company компаниясы осындай автокөліктерге арналған арнайы аккумуляторды әзірлеп шығарды. Оның сыйымдылығы жоғары және салмағы аз болды. Бұл аккумулятор жаңа атаумен ұсынылды. Осылайша әйгілі бренд – Exide аккумуляторлары пайда болды.

1912 жылы шығарылған алғашқы Cadillac автомобиліне осы компания шығарған батарея кіріктірілген мотор электрөткізгіші орнатылды. Exide аккумуляторлары сондай-ақ Айға алғашқы рет зымыран ұшырылған кезде де қолданылды. NASA Ай бетінде жүрушісі осы өндірушінің Күннің энергиясынан қуат ала алатын батареясына ие болды.

Тоқсаныншы жылдардың басында Exide аккумуляторлары Еуропаға таралуды бастады. 1994-95 жылдары компания Hagen, Fulmen және Sonnenschein сияқты қорғасын-қышқыл аккумуляторларды өндірушілермен толықтырылды. Кейіннен оларға GNB Technologies және DETA қосылды. 2000 жылы Exide Technologies концерні қазіргі атауына ие болып, қазіргі таңда қорғасын-қышқыл аккумуляторларының көшбасшы өндірушісі болып табылады.

Жоғарыда аталған компаниялардан басқа концерннің қырық зауыты бар. Олардың он бірі өнеркәсіптік қажеттіліктерге арналған Exide аккумуляторларын шығарады, он екісі – шикізат өндіретін зауыттар болып табылады, он жетісі стартерлік аккумуляторларды шығарады. Зауыттардың көбісінің өз өнімдерін шығарып жатқанына жүз жылдан асып кетті.

Exide аккумуляторлары – бұл Sprinter, Sonnenschein, Marathon, Classic, Tudor, Absolyte, Deta, Liberator, Powerfit сияқты танымал маркалар.

Exide Technologies концерні өз қызметімен әлемнің 90 мемлекетін қамтыған. Концерннің өнімдері шығарылатын жетілген технологиялар, сапалы материалдар, зауыттар қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі нағыз сапалы және бәсекелі өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

Exide аккумуляторлары қарқынды пайдалануға – тығыз қала қозғалысы жағдайларында қозғалтқышты жиі қосуға төзімді. Бұл аккумуляторлардың өздігінен қуатталуы минималды дәрежеде және қуатты жылдам қабылдайды, себебі оларды өндіру кезінде белсенді паста мен металл тордың ілінісуі жақсартылған.

Exide автомобиль аккумуляторларының қақпағының лабиринттік жүйесі электролиттің, тіпті, аккумуляторлық батарея аз уақытқа аударылған жағдайда да ағып кетуіне жол бермейді.

Exide автомобильдік қорғасын-қышқыл аккумуляторларының желісіне келесі модельдер жатады: EXIDE CLASSIC, EXIDE EXCELL, EXIDE X-TREME, EXIDE MAXXIMA, EXIDE PREMIUM.

EXIDE Classic аккумуляторлары стандартты құрал-жабдықтар орнатылған және әдеттегі жағдайларда пайдаланылатын автомобильдерге арналған. EXIDE Classic аккумуляторлары 44 Ас бастап 88 Ас дейінгі номенклатурада шығарылады.  

Exide Excell аккумуляторларының өздігінен қуат алу деңгейі төмен. Олардың пайдалану мерзімі ұлғайтылған.

Бұл аккумуляторлардың сыйымдылық резерві қалыңдау пластиналарды пайдаланудың арқасында қамтамасыз етіледі.

Exide Excell аккумуляторларында пластиналардың жоғары коррозиялық төзімділігіне қол жеткізілген.

Exide Excell аккумуляторлары бензин және дизель қозғалтқыштары орнатылған автомобильдерде қолданылады және тоқ тұтынушылар саны көп машиналарға лайық.

EXIDE X-TREME автомобиль аккумуляторлары энергия тұтынатын қосымша құрылғылармен жабдықталған автомобиль модельдеріне арналған.

EXIDE MAXXIMA – жол талғамайтын көліктерге, спорттық автомобильдерге, дизель қозғалтқыштар орнатылған автомобильдерге және арнайы мақсаттағы көліктерге арналған акумуляторлар.