Тіліңізді таңдаңыз

  • Kazakh (Kazakhstan)
  • Русский (Россия)
  • English (United Kingdom)
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • АССОРТИМЕНТІ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АКЦИЯЛАР
  • БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
  • ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН

VARTA

Мемлекет: Германия
Сайт: varta-automotive.ru/ru-ru

 

"Varta Automotive" фирмасы автомобильдерге арналған ішкі жабдықтарды шығаратын жетекші кәсіпорын, сондай-ақ әлемдегі автомобиль аккумуляторларының ең ірі өндірушісі болып табылатын Johnson Controls Inc. (АҚШ) корпорациясының құрамына кіреді. "Varta Automotive" фирмасының бас компаниясы VB Autobatterie GmbH фирмасы болып табылады; д"Varta Automotive" фирмасының бас компаниясы VB Autobatterie GmbH фирмасы болып табылады; оған Johnson Controls фирмасының қатысу үлесі 80%, ал Robert Bosch GmbH фирмасының қатысу үлесі - 20% құрайды. "Varta Automotive" фирмасының дерлік барлық еуропалық мемлекеттерде еншілес компаниялары бар. Фирманың бас кеңсесі Ганноверде (Германия) орналасқан.

«Varta Automotive» автомобиль аккумуляторларын бес еуропалық мемлекетте: Германияда, Францияда, Испанияда, Австрияда және Чехияда орналасқан жеті зауытта шығарады. Фирма шығаратын әрбір үшінші батарея құрастырмалы конвейерлерді жиынтықтауға келіп түседі.

Varta аккумуляторларды Еуропа автомобильдерінің барлық ірі өндірушілеріне жеткізеді және бәсекелестерінен әлдеқайда озып, осы саладағы даусыз көшбасшы болып табылады. Varta Еуропада сондай-ақ екінші нарыққа жеткізу бойынша жетекші орында тұр. Varta аккумуляторларды Азияның, Африканың және Латын Американың нарықтарына экспорттайды

S&K

Мемлекет: Германия
Сайт: www.sk-autoparts.com

 

S&K – 2011 жылы Брауншвейг қаласында тіркелген неміс сауда маркасы. Оны құрудың басты мақсаты өндірістегі негізгі факторларды біріктіру және озық әлемдік брендтерден кем емес автомобильдік қосалқы бөлшектер нарығына сапалы бөлшектерді ұсыну болып табылады.

Қызметін бастаған алғашқы жылдары S&K өсауда маркасының өнімдері сондай-ақ жеңіл автобөлшектер нарығын да қамтамасыз етуде.

Өнімдерді өндіру кезінде S&K озық технологияларды және бүкіл әлем бойынша өндірушілердің ең үздік техникалық шешімдерін пайдаланады. Өндіріс ISO/TS, TUV халықаралық сапа стандарттарының қатаң талаптарына сай болып табылады, оған мыналар жатады: зереттеу орталығы, әр кезеңде сапаны бақылау, толық өндіріс циклы (шикізаттан бастап дайын өнімге дейін), кепілдік міндеттемелер.

Қолайлы болу және тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру үшін S&K сауда маркасының жүк бағытының ассортименті баға/сапа қатынасында үш санатқа бөлінеді: Opti Line, Premium Line, OE R-Line.

S&K сауда маркасының ассортиментіне келесі топтар жатады: кабинаның пневморессорлары және амортизаторлары, сүзгілер, тежеуіш жүйенің бөлшектері, аспа және меңгерікпен басқару бөлшектері, электр жабдықтар, трансмиссия, ілінісу, салқындату жүйесінің бөлшектері, шанақ бөлшектері, мойынтіректер, оптика, доңғалақ дискілері, аксессуарлар және басқа да көптеген бұйымдар.

S&K сауда маркасының өнімдерін таңдай отырып, Сіз автокөлікке жарқын болашақ сыйлайсыз!

 

 

ROSTAR

Мемлекет: Ресей
Сайт: rostar.com

 

«Ростар» -компаниялар тобы озық әлемдік брендтердің жүк автомобильдеріне, автобустарға және тіркеме техникаға арналған автокомпоненттерді әзірлеуге, жобалауға және өндіруге маманданған кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бірлестігі.

2000 жылдан бері ROSTAR Scania, MAN, IVECO, VOLVO, DAF, RENAULT, Mercedes-Benz, FREIGHTLINER, SAF, SHAANXI, FAW, EVOBUS, BREDAMENARINIBUS, IRISBUS, THOMAS SCHOOL BUS, STERLING TRUCK, KOEGEL, NEOPLAN, DONG FENG, HOWO, SCHMITZ, VAN HOOL, ROR, TRAILOR, ACERBI, MERITOR, FRUEHAUF, INTERNATIONAL, SCOMA TATA, BMC, FAUN, FORD, EDSCHA, KRONE және т.б. жүк автомобильдеріне арналған қосалқы бөлшектерді шығарады.

Қызметінің басты бағыттары – аспа, меңгерікпен басқару бөлшектерін, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірістің ауыр жүк тасығыш автомобильдеріне арналған полимер материалдарынан жасалған бұйымдарды әзірлеу және шығару.

2000 жыл – «КАМАЗ» ААҚ конвейеріне алғашқы жеткізілімдер

2001 жыл – резеңке-металл топасын сериялық өндіріске жіберу
2002 жыл – екінші нарыққа шығу
2003 жыл – өндірістік алаңдарды кеңейту, өндірілетін өнімдер ассортиментің 3 есе арттыру

2004 жыл – толық соғылған қарнақты әзірлеу және сериялық өндіріске жіберу, бір миллиондық резеіке-металл топсасын шығару

2005 жыл – алысқа қатынайтын жүргізушілер үшін «Грузовоз» газетінің бірінші нөмірін шығару

2005 жыл – «КАМАЗ-Мастер» командасымен техникалық ынтымақтастықтың басталуы

2006 жыл – автоқұрастыру кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту

2007 жыл – өндірістік алаңдарды кеңейту, бірегей заманауи жабдықтарды сатып алу, полимерлік бұйымдар өндірісін іске қосу

2007 жыл - ГОСТ Р ИСО 9001 сертификатын алу
2008 жыл – өнімділігі жоғары жабдықтарда өз соғылмасын және РТБ шығару, еуропалық жүк көліктеріне арналған аспалар бөлшектерін игеру және сериялық өндіріске жіберу.
2008 жыл – металлографиялық және спектрлық талдау бойынша зертхананың мемлекеттік аттестаттауы
2009 жыл – металлографиялық және спектрлық талдау бойынша зертхананың мемлекеттік аккредитациялауы
2010 жыл – Германияда өкілдігінің ашылуы. Еуропаға жеткізуді бастау

2011 жыл – Ростардың шетелдік бағыттағы бөлшектері туралы ақпарат TecDoc каталогында орналастырылды
2011 жыл – Сынақ зертханасы ұйымдастырылды, MTS компаниясының бірінші сынақ стенді іске қосылды
2011 жыл – ROSTAR компаниясы IVECO-AMT конвейеріне қосалқы бөлшектердің ресми жеткізушісіне айналды
2012 жыл – Өндірісте бүкіл өнімдер қатарына лазерлік таңбалау енгізілді
2012 жыл – Жаңа кепілдік саясат қабылданды: жүру жолын шектеусіз 1 жыл
2012 жыл – Пневмоаспада IVECO бірінші автомобилі құрастырылды
2013 жыл – шетелде шығарылған жүк көліктеріне қосалқы бөлшектерді сату бойынша дилерлердің бірінші съезі өткізілді

2014 жыл – Меңгерік тартқыштары мен амортизаторлар өндірісі басталды
2015 жыл – Компанияның анық жоғары сапасы да, тиімділігі де құжатпен расталды – автомобиль өнеркәсібінде жетекші әлемдік стандарт болып табылатын ISO TS 16949 әлемдік стандартының сертификаты алынды
2015 жыл – Компанияның АҚШ-та Өкілдігі ашылды
2015 жыл – Компанияның мерейтойлық жылы. ROSTAR - 15 жыл СІЗБЕН бірге!
2016 жыл – Дискілі Тежеуіш Қалыптарының өндірісі басталды
2016 жыл – Асылмалы Басқыш Рессорлар сериялық өндірісі басталды
2016 жыл - ОЕМ-ге: BPW, VW Group (MAN, SCANIA) жеткізушінің номинациялауға аудит жүргізілді
2017 жыл - ROSTAR аспа бөлшектерін VOLVO конвейеріне жеткізуге номинацияланды.
2017 жыл – Коммерциялық көліктерге арналған Пневматикалық Рессорарды шығаратын бірінші зауыттың ашылуы
2018 жыл – Англия, Польша, АҚШ экспорттық нарықтарына шығу
2018 жыл – Кәсіпорын IATF 16949 стандарты бойынша сертификаттаудан өткізілді.
2019 жыл – Коммерциялық көліктерге арналған кешенді шешімдерді іске асыру – гидроаспалар, пневматикалық аспалар, теңгергіш аспалар.
2019 жыл – реттегіш иінтіректерді (зырылдақтарды) өндіруді бастау
2020 жыл – КАМАЗ а/м жаңа модельдік қатарына арналған жобаларды игеру
2020 жыл - ОЕМ VOLVO-мен (Еуропа) ынтымақтастықты бастау

Қазіргі уақытта «Ростар» КТ кәсіпорындарында 2500 астам өнімдер түрлері шығарылады. Өнімнің сапасы өз сынақ орталығында және «КАМАЗ» ғылыми-техникалық орталығында, сондай-ақ ірі АКК-мен бірлесе отырып жүргізілген жүйелі жол сынақтарымен және тесттік нұсқаулармен бірнеше рет расталған.

«Ростар» КТ – Ресейдің озық автоқұрастыру және автобустық кәсіпорындарына арналған құрамдас бөлшектердің ресми жеткізушісі. РФ-ғы, ТМД-ғы, Еуропадағы, БАӘ-гі, Латын Америкадағы дамыған дилерлік желі компанияға өзін ойдағыдай танытуға, ассортиментті желі бойынша кеңейтуге және тауарлардың жаңа топтарын игеруге мүмкіндік береді.  

ROSTAR – егжей-тегжейлі сапа!

PAAZ

Мемлекет: Ресей
Сайт: www.paaz.ru

 

«Первоуральский Автоагрегатный завод» ЖШҚ

Коммерциялық көліктер – бұл үздіксіз жүктемелер және қауіпсіздікке қойылатын жоғары талаптар, және мұндай машиналарға сенімді амортизаторлар қажет. «Первоуральский автоагрегатный завод» жүк автомобильдері, автобустар, троллейбустар, тіркемелер және жартылай тіркемелер үшін ресейлік жолдардың шын ахуалы мен ауа-райы жағдайларын ескере отырып, сапалы амортизаторларды әзірлеуге және жасауға маманданады. Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін Ресей мұндай бейіндегі кәсіпорындарсыз қалып, мемлекеттің жетекші автоөндірушілері – КАМАЗ және «Урал» автозауыты өнімдерді бұрынғы одақтас республикалардан сатып алуға мәжбүр болды. 2006 жылы бүгінгі таңда коммерциялық көліктерге арналған амортизаторларды шығаратын жалғыз ресейлік зауыт - ПААЗ өз жұмысын бастады. Кәсіпорынның өнімдері бастапқыда сапаға жоғары талап қоятын автоөндірушілерге және қорғаныс өнеркәсібіне арналған болатын. Первоуральск арқылы Еуропа мен Азияның шекарасы өтеді, және зауыт шартты түрде өз өнімдерін жеткізумен екі құрлықтың тұтынушыларын біріктіреді. ПААЗ амортизаторларымен бұрынғы КСРО аумағында шығарылатын коммерциялық техниканың басым бөлігі жабдықталады:

- КАМАЗ, МАЗ, КРАЗ, Урал, ЗИЛ, ГАЗ жүк автомобильдері
- Икарус, ЛИАЗ, ПАЗ, ЛАЗ, Волжанин, Богдан, НЕФАЗ, КАВЗ автобустары
- ТРОЛЗА, БЕЛКОММУНМАШ, СВАРЗ троллейбустары
- ТОНАР тіркемелері

Кама автозауытының соңғы әзірлемелерінің бірі – КАМАЗ-65206 үш қабатты ершікті тартпағы да құрастырмалы конвейерде ПААЗ амортизаторларымен жабдықталады. Өнімдерінің кең желісі шетелдік автокөліктер үшін екінші нарыққа шығарылады. Первоуральск амортизаторлары ресейлік жол жағдайларын ескеріп жасалатындықтан, еуропалық және азиялық баламаларынан ерекшеленеді. ПААЗ өнімдерімен жабдықталатын модельдердің тізбесі үнемі кеңейтіліп тұрады. Бүгінгі таңда олардың арасында мыналар бар:

- VOLVO, MAN, SCANIA, DAF, MERCEDES-BENZ, IVECO, FREIGHTLINER, HINO, ISUZU жүк автомобильдері
- EVOBUS (SETRA), HYUNDAI, NEOPLAN, VOLVO, GOLDEN DRAGON, HIGER автобустары
- SCHMITZ, BPW, SAF, ROR, FRUEHAUF, WEWELER тіркемелері және жартылай тіркемелері

Импорттық жабдықтар ақау мүмкіндігін болдырмай, шыеарылатын бұйымдарды жүз пайыз тексеруге мүмкіндік береді. ПААЗ өнімдері тиісті ресейлік автоөндірушілердің сынақтарынан және сертификаттауынан өтті және құрастырмалы конвейерлерге жеткізуге ұсынылған. Кәсіпорын  сапа менеджменті жүйесінің ISO/TS 16949 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін TUV компаниясының жоспарлы аудиттерінен өтеді. ПААЗ өнімдерінің «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін сертификаттау аяқталды. Кәсіпорынның жоғары дәрежелі конструкторлары тапсырыс берушінің жеке талаптары бойынша кез келген амортизаторды, пайдалану жағдайларына қарай оңтайлы сипаттамаларын таңдап ала отырып, минималды партия көлеміне шектеу қоймай жасап шығара алады. Сапа мен бағаларды бәсекелі деңгейде өндірісті үнемі жаңартусыз ұстап тұру мүмкін емес. ПААЗ-да жаңа цехтың құрылысы аяқталады, заманауи жону білдектері, әмбебап пісіру аппараттары, көлбеу қайшылар және қалыптау баспақтары сатып алынды. Первоуральск агрегат зауытының алдағы уақыттағы жоспарында – номенклатураны кеңейту ғана емес, сонымен бірге өндіріс көлемдерін арттыру көзделген. Кәсіпорын жаңа инвестициялық жобаларды игеруде: жеңіл коммерциялық көліктерге, теміржол техникасына арналған амортизаторларды шығару, капот және кабина амортизаторларын шығару. Первоуральск агрегат зауыты тұтынушымен жұмысты үздіксіз жетілдіріп тұрады. Кәсіпорында ребрендинг жүреді – зауыт бұрынғыдан ашықтау және есте қалатындай жаңа логотипке ие болды. Саудаға ПААХ өнімдері жаңа эстетикалық қаптамаға салынып жеткізіледі, сәйкестендіру үшін енді штрихкодтар қолданылады және олар есеп жүргізу және сақтау үдерістерін айтарлықтай жеңілдетеді. Штрихкодтан басқа, кез келген бұйымдағы заттаңбада дайындалған күні, партия нөмірі және басқа да пайдалы ақпарат көрсетіледі. 10 жылдан астам жылдан бері кәсіпорын бүкіл Ресей бойынша және шетелде коммерциялық техниканы сапалы аморизаторлармен қамтамасыз ете отырып, сәтті жұмыс істеп келе жатыр. Заманауи логистика және өз көліктері өнімдерді ТМД кез келген жеріне тез жеткізуге мүмкіндік береді. Сенімділік, жайлылық, қауіпсіздік, тұрақты сапа – Первоуральск агрегат зауытының басты артықшылықтары осы. ПААЗ маркасы – бұл бәсекелі баға бола тұра әлемдік сапа стандарттары!

 

GATES

Мемлекет: АҚШ
Сайт: www.gates.com/ru/ru

 

1911 жылы Чарльз Гейтс «Gates Rubber Company» компаниясын құрды. 1917 жылы Чарльздың інісі Джон тарихтағы ең алғашқы сыналы белдікті жасап шығарды. Бүгінші күні "Gates Rubber Company" компаниясы жетекті белдіктер, автомобиль құбыршектері, гидравликалық және өнеркәсіптік құрал-жабдықтар саласында тұрақты инновациялар мен көптеген зерттеулерге ұмтыла отырып осы өндіріс саласында әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. «GATES» көптеген клиенттерінің арасында Еуропаның, Жапонияның, Кореяның және Американың ең ірі автомобиль компаниялары бар. «GATES» штаб-пәтері Денверде (Колорадо штаты, АҚШ) орналасқан. Компанияның еуропалық бөлімшесі орналасқан Erembodegem (Бельгия) қаласында «GATES» иелігінде тоғыз мұнай өндіретін зауыт және алтаудан артық сервис-орталық бар. Перспективалы жоғары сапалы бұйымдарды әзірлеумен және сынаумен ғылыми-зерттеу зертханалары Озық техника және технология институтымен бірлесіп Құрама Штаттарда айналысады. 1996 жылы «Tomkins PLC» компаниясымен бірігу инвестициялық бағдарламаларды кеңейтуге және «GATES» өнімдерінің ассортиментін кеңейте отырып, ең соңғы үлгідегі технологиялардың жетістіктерін енгізуге мүмкіндік берді.

Басқа өндірушілерге қарағанда

«GATES»-ті артық көретін танымал клиенттердің арасында Daimler-Benz, Caterpillar, General Motors, Audi, Toyota,  Ford, Nissan, Volvo, Volkswagen, Xerox, AT&T, J.I. Case, Chrysler, Group Auto Union, Auto Distribution International сияқты ірі компаниялар бар.    

GATES өнеркәсіптік мақсаттағы күш жетектері жүйелерін әзірлеуде көшбасшы болып табылады. «FORUM-AUTO» компаниясының ассортиментінде GATES фирмасының ұсынатын ассортименті:
• ГҮМ белдіктері
• Сыналы белдіктер
• Полисыналы белдіктер
• Салқындату жүйесінің келте құбырлары

 

«Gates» бұл:
- әлемдік автоөндірушілердің конвейерлеріне өнімдерді ең ірі жеткізушілердің бірі

- жетекті белдіктер, автомобиль құбыршектері және гидравликалық жүйелер құбыршектері өндірісіндегі әлемдік көшбасшы

- әр бұйымның жоғары сапасының түпнұсқалық бұйымның әлемдік автоөндірушілерінің техникалық талаптарына сәйкестігі

- өнімнің сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды тұрақты және уақтылы енгізу

- бұйымдар ассортиментін жетілдіру және жаңа өнімдерді енгізу бойынша тұрақты жұмыс

- өнімдердің кең ассортименті

- баға-сапа Gates бұйымдарының пайдалану қасиеттері мен өміршеңдігін толығымен ақтайды.

Басқа өндірушілерге қарағанда "GATES” –ті артық көретін ең танымал клиенттердің арасында Daimler-Benz, Caterpillar, General 

Motors, Audi, Toyota,  Ford, Nissan, Volvo, Volkswagen, Xerox, AT&T, J.I. Case, Chrysler, Group Auto Union, Auto Distribution International сияқты ірі компаниялар бар.

PowerGrip® (8595 және 8597) – газ тарату механизмінің (ГТМ) белдігі – өте үлкен жылдамдықтар диапазонында айналу үшін әзірленген. Белдіктің иілімділігінің артуына және оның созылуына кедергі жасауына шыны-талшықтан жасалған берік код сәйкес келеді. Күшеюге төсемнің беріктігі жоғары материалы себепші болады және оны майлауыш материалдардан, жоғары температуралардан және ылғалдан сақтайды. Жоғары дәлдікпен пішінделген тістер ойықтардың жұлдызшада қатесіз ілінісетініне кепілдік береді және шуыл деңгейін басады.  

Газ тарату механизмінің (ГТМ) белдіктері.
PowerGrip® 8597 ГТМ белдіктер топтамасы - PowerGrip® 8595 ГТМ белдіктерінің жақсартылған нұсқасы болып табылады. Олар соңғы буынның қызуға берік синтетикалық каучук материалынан [HSN] жасалады. Осы жоғары технологиялы материалдан жасалған белдіктер экстремалды температураларда жұмыс істеген кезде ескіруге және тозуға аз шалдығады. Дерлік барлық заманауи қозғалтқыштарды өндірушілер өз таңдауын HSN технологиясы бойынша жасалған жетекті белдіктерге тоқтатты. 

PowerGrip® (7883) ГТМ жөндеу жиынтығына бір қаптамаға біріктірілген тісті белдіктер және металл бөлшектер жатады. Әр жиынтықта: тарату механизмінің жетекті белдіктері, бос немесе керме тегершіктер, тіректік металл пластиналар болады.

PowerGrip® 8595 ГТМ белдіктер топтамасы ГТМ белдіктерін шығару үшін бүгінгі күнге дейін ең жоғары сапалы материалдардың бірі болып табылатын неопреннен жасалады. Бұл неопренді бүкіл әлемнің автомобиль жасайтын фирмаларының құрастырмалы конвейерлерінде айналымы аз қозғалтқыштарға арналған белдіктерді жасау кезінде қолданылатын материал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Сыналы белдіктер.

 

ESC, EXL, MC топтамасының пішінделген қырлары бар арқауланбаған белдіктері – ең заманауи белдіктердің бірі. Қырлары пішінделген арқауланбаған белдіктер тегершіктері бар, диаметрі кішкентай шағын жетекке сай келеді.  

Бұл белдіктердің басты артықшылықтарының бірі беріктігі жоғары полиэстер кордымен қамтамасыз етілетін беріктікке зиян келтірмейтін жоғары икемділік болып табылады. Профилі V-тәрізді және иілгіштігі жоғарылатылған көлденең болып табылатын бұл белдіктерді жетілдіру технологиясы арнайы қозғалтқыштар тораптарының жетегі үшін әзірленген.
 
LM, ESLM топтамаларының арқауланбаған белдіктері – сыртқы орағышы жоқ көп қабатты белдіктер.
Арқауланбаған көп қабатты белдіктер ауыр жүктелген техниканың дірілге және шоктық жүктемелерге сезімтал жетектері үшін ұсынылады. Ұзын және берік белдік әсіресе орталық тегершіктен айтарлықтай алыстатылған тегершіктердің жетектері үшін қолайлы. Белдіктің барлық элементтері майдың, жылудың әсеріне және абразивті тозуға талшықтармен күшейтілген арнайы резеңкенің есебінен аса төзімді болады. 

XS, ES топтамаларының арқауланған белдіктері – сыртқы орағышы бар дәстүрлі белдіктер. Арқауланған белдіктер ауыр жүктелген V-тәрізді сыналы жетектердің ескі буындарында немесе қабыршағы жоқ көп қабатты белдіктер дірілі жоғары көп жүктелген жетектерде үнемі қиындық туғызып тұратын жерлерде қолдану үшін ұсынылады.  Flex-Weave® («созылғыш мата») технологиясы бойынша жасалған жабын белдікті кірдің, абразивті түйіршіктердің, майдың әсерінен қорғайды және жылу өткізгіштігі қалыпты болады.

 

 
Полисыналы белдіктер. "MICRO-V"

 


"MICRO-V" (8530) полисыналы белдігі (жылғалық).
"MICRO-V" белдігі кергішті қайтарады және оны ирек тәрізді берілістердегі қосалқы тораптарды басқара отырып, автоматты түрде кереді.  

Төменбейінді конструкция икемділікті, жұмыс тұрақтылығын арттырады, дірілді азайтады және шуыл деңгейін азайтады. «MICRO-V» белдігінің бойлық қырлары толығымен тегершіктің жырашықтарына кіреді. Беріктігі жоғары полиэфир корды белдіктің жоғары жүктемелерге төзу қабілетін арттырады. Белдіктің нейлон матадан жасалған қорғағыш жабыны бар. Каучуктың талшықпен бекітілген құрамы майға төзімді және өміршең болып табылады. 

 

Салқындату жүйелеріне арналған келтеқұбырлар.

"Gates" (4275) салқындату жүйесінің бүгілген келтеқұбырлары – биік, арқауланған, қысқа, аласа, салқындатқыш, жылытқыш және басқа жүйелерде қолдану үшін арнайы тарамдары бар, температураның, озонның және химиялық салқындатқыш сұйықтықтардың әсеріне төзімді.

GATES сапасы


GATES  компаниясы – автомобиль қозғалтқыштарына арналған түпнұсқалық жабдықтарды шығару бойынша автомобиль өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшы. Компания әлемнің барлық өңірлерінде 34 миллионнан астам клиенттерге қызмет көрсетеді. GATES иінді біліктен Damper, Micro-V белдіктерден, ГТМ белдіктерінен, келтеқұбырлардан және автомобильдің салқындату жүйесіне арналған құбыршектерден бастап ауқымды өнімдер ассортиментін шығарады. Эксперименттік орталықтар мен жобалаушы-сынақ кәсіпорындары әлемнің 4 құрлығындағы 20 мемлекетте орналасқан. GATES фирмасының тапсырыс берушілердің талаптарын және кез келген автоөндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттаныру үшін толық әлеуеті бар. 

GATES артықшылықтары


- Жетекті белдіктерді, автомобильдер мен гидравликалық жүйелерге арналған құбыршектерді шығару бойынша әлемдік көшбасшы.
- Бүкіл әлемнің автоөндірушілерінің конвейерлеріне өнімдердің ең ірі жеткізушісі.
- Әр бұйым сапасының түпнұсқалық бұйым үшін автоөндірушілердің қоятын техникалық талаптарына сәйкестігі
- өнім сапасын жақсарту мақсатымен ең соңғы үлгідегі технологияларды үздіксіз енгізу

- Қолданыстағы өнімдер ассортиментін жетілдіру және жаңа өнімдерді енгізу бойынша үздіксіз жұмыс

- ұсынылатын өнімдердің аса кең ассортименті

- Gates бұйымдарының сапасын, пайдалану қасиеттерін және өміршеңдігін толық ақтайтын баға.

  1. EXIDE
  2. AIRLINE

1 ішінен 2 беті

  • 1
  • 2

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • АССОРТИМЕНТІ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АКЦИЯЛАР
  • БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
  • ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН