Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: Германия
Сайтwww.hueco.de

 

HUCO компаниясы 1980 жылы құрылды. Қызметінің бағыты – бұл автомобильдердің электрондық және электрлік жүйелерінің реттегіштер, оталдыру модульдері, отын сорғылары релесі, қыздыру білтелерінің уақыт релесі және т.б. сияқты компоненттерін әзірлеу және шығару. 1990 жылы Солтүстік Ирландияда HUCO Lightronic N.I. Ltd зауыты құрылғанда фирма халықаралық мәртебеге ие болады. HUCO Leiterplatten GmbH автомобиль өнеркәсібінде қолданылатын біржақты және екіжақты баспа платаларын өндіруші ретінде құрылады. 2000 жылы Солүстік Ирландияда HUCO Automotive N.I. Ltd. құрылады. LHE - Lemfoerder HUCO electronic GmbH ашылады. ZF Lemfoerder Schaltungstechnik GmbH & Co.KG.-мен бірлескен кәсіпорында автомобильдік Original Equipment саласындағы жұмыстар біріктірілді. 2001 жылы HUCO құрамдас бөлігі LHE Lemfoerder HUCO electronics GmbH-ке сатылды. HUCO өнімдерінің өзіндік ерекшеліктеріне үнемділігі, қуаттылығы және тек қана жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттары жатады. HUCO фирмасының бұйымдарының жоғары сапасы ISO 9001 стандартының талаптарымен расталады. Бүгінгі таңда HUCO өнімдері еуропалық автомобильдердің 90% қамтып отыр. Өз өнімдерін HUCO автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарына жеткізеді, бірақ негізгі күш өзі көшбасшыларының бірі болып табылатын автобөлшектердің екінші нарығына салынады.