Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: Испания
Сайтauto-kortex.com

 

Kortex компаниясының тарихы 2004 жылы арзан, сапалы қосалқы бөлшектерді шығару идеясынан басталды. Өткізу және өндіру нарығын талдаған соң қазіргі брендтің иеленушілері Еуропа Оңтүстік Корея мен Қытыай зауыттарының әлеуетін лайықты бағаламай жүр деген қорытындыға келді. Олардың технологиялық жабдықталуы еуропалық жабдықталудан кем емес еді, ал кейбір мәселелерде олар әлдеқайда озып кеткен. Тежеуіш қалыптарының алғашқы сынамалы партиясын шығарған соң иеленушілер оларды Испаниядағы шағын қосалқы бөлшектер дүкендеріне ұсынды. Бағаның арзандығы өз міндетін атқарған болу керек, сол күнге дейін ешкім білмеген қосалқы бөлшектер аз уақыттың ішінде сатылып кетіп, дүкендер арзан қосалқы бөлшектердің келесі партиясына тапсырыс беруге дайын еді. Бір жылдан кейін-ақ Испанияның автобөлшектер нарығында Kortex тежеуіш қалыптарына тұрақты сұраныс қалыптасты. 2005 жылы қосалқы бөлшектер желісін кеңейту туралы шешіп қабылданды да, көп ұзамай сатылымға ол кезде танымал болып қалған Kortex маркасымен тежеуіш дискілер, отын және ауа сүзгілер, автомобильдердің кең спектріне арналған амортизаторлар келіп түсті.

Дәл осы жылы ол Германия нарығына шығып, осы мемлекеттің автомобильшілерінің арасында жоғары беделге ие болды.

Компания құрылған кезден бастап 5 жылдан кейін Kortex ассортиментінде 6000 астам әртүрлі қосалқы бөлшектер түрлері болды. Сонымен қатар 2010 жылы Ресейде дистрибуция ашып, және нақ осы нарықты өзі үшін басым нарыққа айналдырып, үлкен қадам жасады. Бүгінгі таңда Kortex жай автомобильдің қосалқы бөлшектерін шығарып қана қоймайды. Біз компанияның негізін салушылар ойластырғандай, аз ақшаға сатып алуға болатын жоғары технологиялық ассортимент өндірісіне патент сатып аламыз және онымен қоса тауардың жоғары сапасы мен өз қауіпсіздігімізге сенімділікке қол жеткіземіз. Kortex барлық өнімдері екі желіге бөлінген: Premium және Standard:

KORTEX Standard – ақ қаптамадағы өнімдер. Бұл, бірінші кезекте, қисынды мөлшердегі ақшаға сапалы автобөлшектерді алғысы келетін сатып алушыларға арналған қосалқы бөлшектер. KORTEX Standard бағасының қалыптасуына автобөлшектерді шығару үшін Еуропалық сапа стандарттарының барлық талаптарына сай келетін Қытайдың тексерілген зауыттарының таңдап алынуы себеп болды. Сондай-ақ KORTEX Standard өнімдерін қаптау кезінде арзан қаптау материалдары қолданылады.

KORTEX Premium қара түсті қаптамаға салынып жеткізіледі. Бұл инновациялық технологияларды қолданып, жоғары технологиялы материалдардан жасалған таңдаулы өнім. KORTEX Premium  өндірісі көптеген әлемдік автобөлшектер брендтері өндірісін орналастыратын заманауи кәсіпорындарда жүзеге асырылады. KORTEX Premium  автокомпоненттерінің ресурстар көлемі арттырылған және өнім сапасы тұрақты түрде жоғары болып табылады. 

Kortex компаниясының миссиясы – бұл сатып алушыларға жайлылық, қауіпсіздік және орынды таңдау жасау мүмкіндігін беру және соның арқасында шығарылатын қосалқы бөлшектердің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Басынан бастап біз дерлік кез-келген автомобильдің иесі аз ақша жұмсап қосалқы бөлшектерге кепілді сапаға ие бола алу мүмкіндігіне қол жеткізуіне ұмтылдық. Көп жағдайда автомобиль иеленушілері бөлшектер тозғанда немесе бұзылғанда арзан баламаларын таңдауға мәжбүр болады. Біз қисынды бағаға лайықты сапа алуға және автомобильдің ыңғайлы пайдаланылуына қол жеткізуге мүмкіндік береміз.

KORTEX өнімдерінің ассортименті:
- сүзгілер
- амортизаторлар
- тежеуіш жүйе
- щеткалар
- белдіктер
- оптика
- аспа
- бәсеңдеткіш кеңірдектері
- мойынтіректері бар күпшектер
- электрика
- жанармай сорғылары
- су сорғылары

KORTEX номенклатурасының белгіленуі:
KSA - Амортизаторлар
KPW – Су сорғылары
KPF – Жанармай сорғылары
KBT – ГҮМ белдіктері
KDB – Жетек белдіктері
KD – Тешеуіш дискілер және барабандар
KS – Барабан қалыптары
KT – Диск қалыптары
KA – Ауа сүзгілері
KO – Май сүзгілері
KC – Салондық сүзгілер (номенклатураның соңында S болса – көмір сүзгілер)
KF – Жанармай сүзгілері
KES – Бәсеңдеткіш кеңірдектері
KSW – Тежеуіш қалыптардың тозу датчигі
KBA - Шамдар (с.і. XENON)
KEL -  Ж/в сымдар (оталдыру шарғылары)
K-F (K-FJ; K-FT; K-FTL; K-FX; K-FN; K-FL) - Сақтандырғыштар
KR-KP – Қаңқасыз щеткалар
KW – Қысқы щеткалар
KHL – Негізгі фаралар
KFL – Тұманға қарсы фаралар
KRT - Ұштықтар
KSL - Иінтіректер
KDS – Меңгерік тартқыштары
KLS – Тұрақтандырғыш тартқыштары
KHB – Мойынтіректері бар күпшектер
KLP - Лямбда - зонд
TR – Автокомпоненттердің жүк бағдарламасы
KORTEX Truck барлық өнімдері TR деп белгіленеді

KORTEX  барлық өнімдері ISO 9001 және ISO/TS 16949:2009 стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда шығарылады.

Ресейде  KORTEX өнімдері ЕАС стандарты бойынша сертификатталған