Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: Ресей
Сайтwww.airline.su

AIRLINE – қызметінің негізгі бағыты жеңіл және жүк автомобильдеріне арналған жоғары сапалы автомобиль аксессуарларын әзірлеу және өндіру болып табылатын жылдам өсіп келе жатқан ресейлік компания.

2004 ж. қызметін бастаған және нарыққа автомобильдік бутил камерасымен шыққан соң, 2006 ж. өзінде-ақ акссуарлық тақырыптама белсенді дами бастады. Бүгінгі таңда біз әр клиентке жақын болу үшін қазіргі дистрибьюторларымызды дамыту және жаңа аумақтарды қамту үшін бар күшімізді салудамыз. Оған қоса біз жасаған еңбектерімізді бірден өтеп алуға ұмтылмай, нарықта тұрақты болуды және біздің барлық жеткізушілерімізбен, серіктестерімізбен және клиенттерімізбен ұзақ мерзімді қатынастарды қалыптастыруды көздейміз.

Компанияны серпінді және заманауи дамыту стратегиясын ұстана отырып, біз барлық жаңалықтарға барынша ашық, қабылдағыш және клиенттеріміз бен серіктестеріміздің тілектеріне сезгіш болуға ұмтыламыз.

Автоаксессуарлар нарығының өнімдер ассортиментіне қызығуға болады.

Шынында да, әуесқой автомобильшілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орасан көп өнімдер жасап шығарылды.

Олардың алуан түрлілігі таңғалдырады.

AIRLINE стратегиясы – техникалық және пайдалану сипаттамалары мінсіз сапалы өнім жасап шығару.

Біздің барлық өнімдеріміз ресейлік пайдалану жағдайларына қажетті бейімдеуден өтеді және міндетті түрде орыс тіліндегі толық ілеспе ақпаратпен қамтамасыз етілген.

Өнімдер желісін нарыққа шығарған соң оны жетілдіру бойынша жұмыс тоқтатылмайды.

Керісінше, тұтынушылардың барынша қанағаттандыру үшін өнімнің пайдалану сипаттамаларын арттыру, оның ассортиментін кеңейту және сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Компанияда құрылған Техникалық бақылау бөлімі тұрақты түрде сынақтар мен тестілерді өткізеді. Олардың нәтижелері бойынша өнімге конструктивті өзгерістер енгізіледі. Клиенттеріміз бен серіктестеріміздің барлық тілектері ескеріледі, ең үздік өнім түрлері іздестіріледі және бағаланады, маркетингтік ізденістер жүргізіледі. 

Бренді дамытудың перспективалы бағыттарымыздың бірі – өз бірегей техникалық және дизайнерлік әзірлемелеріміз.

Осы бағытты игеруге техникалық мамандар мен маркетологтардан басқа бізге дизайнерлер командасы көмектесуде.

Біздің алдымызға қойған өршіл міндетіміз – бұл AIRLINE өнімдерін Ресейде де, бүкіл әлемде де жоғары сұранысқа ие ету!