Тіліңізді таңдаңыз

Мемлекет: АҚШ
Сайтwww.fram.com

 

20-шы жылдары пайда болған автомобильдерге арналған май сүзгілері техникалық тұрғыдан толық жетілмеген болатын және 2000 миль жүріп өткен соң техникалық қызмет көрсету станцияларында кептіруді немесе ауыстыруды талап ететін еді. Одан басқа, сүзгілеу дәрежесінде де қолайсыздықтар болды. Провиденстегі, Род Айленд, химиялық зертханасының қызметкерлері Фредерик Франклин және Эдвард Элдам май сүзгісінің жаңа түрін құрастырып шығарды. Олардың идеясы бойынша сүзгі арнайы химиялық құраммен өңделген металл тордан жасалған картриджбен жабдықталу керек еді. Мұндай жаңа тәсілдер сүзгілерге қызмет көрсетуді азайтып, майды тазартудың анағұрлым жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. 1932 ж. дейін автоиеленушілер лайықты баға берген сүзгілер шағын партиялармен қолмен құрастырылды. Американдық кәсіпкер Стивен Уилсон әзірлеушілермен бірге 1934 ж. бастап FRAMM маркасымен сүзгілердің жаппай шығарылуын ұйымдастыра алды. Уақыт өте келе Cadillac, Ford, Lincoln, Mercury және Graham компанияларының кәсіпорындарына сүзгілердің жеткізілуі қамтамасыз етілді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде FRAMM маркалы сүзгілер әскери техникаға қойылатын талаптарға айтарлықтай сай келетін сүзгілер болып танылды. Әрине, сүзгі өндірісінің дамуының келесі толқыны соғыстан кейін басталды. 1951 жылы карбюраторға арналған ауа сүзгісінің жаңа «құрғақ» түрі ұсынылды. 1975 ж. бастап сүзгілермен қатар компания соңғы маркасының ықпалын нарықта кеңейту үшін Autolite маркалы оталдыру білтегінің дистрибьюторына айналады. 1989 ж. бастап  Allied-Signal Aftermarket group үш марканың:  FRAM, Autolite және Bendix иеленушісі атанады. Олардың әрқайсысының өндірісі  Allied-Signal Aftermarket group-ң жеке бөлімшесіне айналады. 1999 ж. FRAM маркасының иеленушісінің кезекті ауысуы орын алады. Оның иеленушісі одан басқа Prestone, Autolite және Holts маркаларының иеленушілері болып табылатын the Honeywell ConsumerProducts Group болады. Бүгінгі таңда FRAM нарықта Extra Guard® , FRAM® X2™ Extended Guard май сүзгілері, Extra Life III ауа сүзгілері сияқты өнімдерін нарыққа белсенді түрде шығаруды жалғастырып келе жатыр.