Мемлекет: АҚШ
Сайтwww.gates.com/ru/ru

 

1911 жылы Чарльз Гейтс «Gates Rubber Company» компаниясын құрды. 1917 жылы Чарльздың інісі Джон тарихтағы ең алғашқы сыналы белдікті жасап шығарды. Бүгінші күні "Gates Rubber Company" компаниясы жетекті белдіктер, автомобиль құбыршектері, гидравликалық және өнеркәсіптік құрал-жабдықтар саласында тұрақты инновациялар мен көптеген зерттеулерге ұмтыла отырып осы өндіріс саласында әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. «GATES» көптеген клиенттерінің арасында Еуропаның, Жапонияның, Кореяның және Американың ең ірі автомобиль компаниялары бар. «GATES» штаб-пәтері Денверде (Колорадо штаты, АҚШ) орналасқан. Компанияның еуропалық бөлімшесі орналасқан Erembodegem (Бельгия) қаласында «GATES» иелігінде тоғыз мұнай өндіретін зауыт және алтаудан артық сервис-орталық бар. Перспективалы жоғары сапалы бұйымдарды әзірлеумен және сынаумен ғылыми-зерттеу зертханалары Озық техника және технология институтымен бірлесіп Құрама Штаттарда айналысады. 1996 жылы «Tomkins PLC» компаниясымен бірігу инвестициялық бағдарламаларды кеңейтуге және «GATES» өнімдерінің ассортиментін кеңейте отырып, ең соңғы үлгідегі технологиялардың жетістіктерін енгізуге мүмкіндік берді.

Басқа өндірушілерге қарағанда

«GATES»-ті артық көретін танымал клиенттердің арасында Daimler-Benz, Caterpillar, General Motors, Audi, Toyota,  Ford, Nissan, Volvo, Volkswagen, Xerox, AT&T, J.I. Case, Chrysler, Group Auto Union, Auto Distribution International сияқты ірі компаниялар бар.    

GATES өнеркәсіптік мақсаттағы күш жетектері жүйелерін әзірлеуде көшбасшы болып табылады. «FORUM-AUTO» компаниясының ассортиментінде GATES фирмасының ұсынатын ассортименті:
• ГҮМ белдіктері
• Сыналы белдіктер
• Полисыналы белдіктер
• Салқындату жүйесінің келте құбырлары

 

«Gates» бұл:
- әлемдік автоөндірушілердің конвейерлеріне өнімдерді ең ірі жеткізушілердің бірі

- жетекті белдіктер, автомобиль құбыршектері және гидравликалық жүйелер құбыршектері өндірісіндегі әлемдік көшбасшы

- әр бұйымның жоғары сапасының түпнұсқалық бұйымның әлемдік автоөндірушілерінің техникалық талаптарына сәйкестігі

- өнімнің сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды тұрақты және уақтылы енгізу

- бұйымдар ассортиментін жетілдіру және жаңа өнімдерді енгізу бойынша тұрақты жұмыс

- өнімдердің кең ассортименті

- баға-сапа Gates бұйымдарының пайдалану қасиеттері мен өміршеңдігін толығымен ақтайды.

Басқа өндірушілерге қарағанда "GATES” –ті артық көретін ең танымал клиенттердің арасында Daimler-Benz, Caterpillar, General 

Motors, Audi, Toyota,  Ford, Nissan, Volvo, Volkswagen, Xerox, AT&T, J.I. Case, Chrysler, Group Auto Union, Auto Distribution International сияқты ірі компаниялар бар.

PowerGrip® (8595 және 8597) – газ тарату механизмінің (ГТМ) белдігі – өте үлкен жылдамдықтар диапазонында айналу үшін әзірленген. Белдіктің иілімділігінің артуына және оның созылуына кедергі жасауына шыны-талшықтан жасалған берік код сәйкес келеді. Күшеюге төсемнің беріктігі жоғары материалы себепші болады және оны майлауыш материалдардан, жоғары температуралардан және ылғалдан сақтайды. Жоғары дәлдікпен пішінделген тістер ойықтардың жұлдызшада қатесіз ілінісетініне кепілдік береді және шуыл деңгейін басады.  

Газ тарату механизмінің (ГТМ) белдіктері.
PowerGrip® 8597 ГТМ белдіктер топтамасы - PowerGrip® 8595 ГТМ белдіктерінің жақсартылған нұсқасы болып табылады. Олар соңғы буынның қызуға берік синтетикалық каучук материалынан [HSN] жасалады. Осы жоғары технологиялы материалдан жасалған белдіктер экстремалды температураларда жұмыс істеген кезде ескіруге және тозуға аз шалдығады. Дерлік барлық заманауи қозғалтқыштарды өндірушілер өз таңдауын HSN технологиясы бойынша жасалған жетекті белдіктерге тоқтатты. 

PowerGrip® (7883) ГТМ жөндеу жиынтығына бір қаптамаға біріктірілген тісті белдіктер және металл бөлшектер жатады. Әр жиынтықта: тарату механизмінің жетекті белдіктері, бос немесе керме тегершіктер, тіректік металл пластиналар болады.

PowerGrip® 8595 ГТМ белдіктер топтамасы ГТМ белдіктерін шығару үшін бүгінгі күнге дейін ең жоғары сапалы материалдардың бірі болып табылатын неопреннен жасалады. Бұл неопренді бүкіл әлемнің автомобиль жасайтын фирмаларының құрастырмалы конвейерлерінде айналымы аз қозғалтқыштарға арналған белдіктерді жасау кезінде қолданылатын материал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Сыналы белдіктер.

 

ESC, EXL, MC топтамасының пішінделген қырлары бар арқауланбаған белдіктері – ең заманауи белдіктердің бірі. Қырлары пішінделген арқауланбаған белдіктер тегершіктері бар, диаметрі кішкентай шағын жетекке сай келеді.  

Бұл белдіктердің басты артықшылықтарының бірі беріктігі жоғары полиэстер кордымен қамтамасыз етілетін беріктікке зиян келтірмейтін жоғары икемділік болып табылады. Профилі V-тәрізді және иілгіштігі жоғарылатылған көлденең болып табылатын бұл белдіктерді жетілдіру технологиясы арнайы қозғалтқыштар тораптарының жетегі үшін әзірленген.
 
LM, ESLM топтамаларының арқауланбаған белдіктері – сыртқы орағышы жоқ көп қабатты белдіктер.
Арқауланбаған көп қабатты белдіктер ауыр жүктелген техниканың дірілге және шоктық жүктемелерге сезімтал жетектері үшін ұсынылады. Ұзын және берік белдік әсіресе орталық тегершіктен айтарлықтай алыстатылған тегершіктердің жетектері үшін қолайлы. Белдіктің барлық элементтері майдың, жылудың әсеріне және абразивті тозуға талшықтармен күшейтілген арнайы резеңкенің есебінен аса төзімді болады. 

XS, ES топтамаларының арқауланған белдіктері – сыртқы орағышы бар дәстүрлі белдіктер. Арқауланған белдіктер ауыр жүктелген V-тәрізді сыналы жетектердің ескі буындарында немесе қабыршағы жоқ көп қабатты белдіктер дірілі жоғары көп жүктелген жетектерде үнемі қиындық туғызып тұратын жерлерде қолдану үшін ұсынылады.  Flex-Weave® («созылғыш мата») технологиясы бойынша жасалған жабын белдікті кірдің, абразивті түйіршіктердің, майдың әсерінен қорғайды және жылу өткізгіштігі қалыпты болады.

 

 
Полисыналы белдіктер. "MICRO-V"

 


"MICRO-V" (8530) полисыналы белдігі (жылғалық).
"MICRO-V" белдігі кергішті қайтарады және оны ирек тәрізді берілістердегі қосалқы тораптарды басқара отырып, автоматты түрде кереді.  

Төменбейінді конструкция икемділікті, жұмыс тұрақтылығын арттырады, дірілді азайтады және шуыл деңгейін азайтады. «MICRO-V» белдігінің бойлық қырлары толығымен тегершіктің жырашықтарына кіреді. Беріктігі жоғары полиэфир корды белдіктің жоғары жүктемелерге төзу қабілетін арттырады. Белдіктің нейлон матадан жасалған қорғағыш жабыны бар. Каучуктың талшықпен бекітілген құрамы майға төзімді және өміршең болып табылады. 

 

Салқындату жүйелеріне арналған келтеқұбырлар.

"Gates" (4275) салқындату жүйесінің бүгілген келтеқұбырлары – биік, арқауланған, қысқа, аласа, салқындатқыш, жылытқыш және басқа жүйелерде қолдану үшін арнайы тарамдары бар, температураның, озонның және химиялық салқындатқыш сұйықтықтардың әсеріне төзімді.

GATES сапасы


GATES  компаниясы – автомобиль қозғалтқыштарына арналған түпнұсқалық жабдықтарды шығару бойынша автомобиль өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшы. Компания әлемнің барлық өңірлерінде 34 миллионнан астам клиенттерге қызмет көрсетеді. GATES иінді біліктен Damper, Micro-V белдіктерден, ГТМ белдіктерінен, келтеқұбырлардан және автомобильдің салқындату жүйесіне арналған құбыршектерден бастап ауқымды өнімдер ассортиментін шығарады. Эксперименттік орталықтар мен жобалаушы-сынақ кәсіпорындары әлемнің 4 құрлығындағы 20 мемлекетте орналасқан. GATES фирмасының тапсырыс берушілердің талаптарын және кез келген автоөндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттаныру үшін толық әлеуеті бар. 

GATES артықшылықтары


- Жетекті белдіктерді, автомобильдер мен гидравликалық жүйелерге арналған құбыршектерді шығару бойынша әлемдік көшбасшы.
- Бүкіл әлемнің автоөндірушілерінің конвейерлеріне өнімдердің ең ірі жеткізушісі.
- Әр бұйым сапасының түпнұсқалық бұйым үшін автоөндірушілердің қоятын техникалық талаптарына сәйкестігі
- өнім сапасын жақсарту мақсатымен ең соңғы үлгідегі технологияларды үздіксіз енгізу

- Қолданыстағы өнімдер ассортиментін жетілдіру және жаңа өнімдерді енгізу бойынша үздіксіз жұмыс

- ұсынылатын өнімдердің аса кең ассортименті

- Gates бұйымдарының сапасын, пайдалану қасиеттерін және өміршеңдігін толық ақтайтын баға.